Әлем жаңалықтары
17 мамыр 10:12
Солтүстік Корея барлық келісім сөздерден бас тартып, АҚШ-пен кездеспейтінін жеткізді
16 мамырға жоспарланған келіссөздерден Солтүстік Корея бас тартты. Оған себепкер болған Сеул мен Вашингтон арасында өтетін өзара әскери жаттығу. Бұл жайында Yonhap news басылымы жария етті. 



Сонымен қатар Солтүстік Корея АҚШ-пен өтуге тиіс саммиттен де бас тартуы мүмкін екендігін жеткізді. КХДР аталмыш әскери жаттығуды «басып кіру алдындағы дайындық» және «қос елдің арасына сына қағу» деп атады.

Жақында ғана өткен қос Корея басшыларының кездесуінен кейін, аталмыш елдер арасында саяси жылылық пайда болған еді. Енді соның нәтижесі жоққа шығу қаупі бар.  

Дереккөзі: ​http://arhar.kz

 

Комментарии




Яндекс.Метрика