18 Декабрь
03:30
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
11 ақпан 10:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Солтүстік Кореяда бас штаб бастығы жемқорлығы үшін өлім жазасына кесілді
КХДР қорғаныс күштері бас штабының бастығы Ли Ен Гиль бұдан бірнеше күн бұрын «фракциялық әрекеті және жемқорлығы» үшін өлім жазасына ұшырады. Бұл туралы «Росбалт» ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.




Кореяның «Ренхап» агенттігінің хабарына қарағанда, Ли бұдан бірнеше күн бұрын Пхеньянда партия отырысы өткеннен кейін атылған. Сеулдегідер Лидің басына қара бұлт үйіріле бастауы ықтимал екенін КХДР БАҚ-тарында оның есімі Ким Чен Ынның сол жиында жақын шеңбері құрамында аталмағаннан кейін пайымдаған. Бұған қоса, Ли жақында ракета ұшырылуына арналған іс-шара кезінде де көрінбеген.

«Бәлкім, Ли Ен Гильдің қазасының себебі оның армияны партияның бақылауында ұстауға наразылық білдіргені болар, өйткені партия шенеуніктерінің Ким Чен Ынға берген баяндамасында Лидің көсемді сынға алғаны жеткізілген болатын», – деп атап көрсетеді «Ренхап» мәнбесі.

Қазір бас штабтың жаңа бастығы Ли Мен Су болады деген болжам айтылуда.

Атап өтуіміз керек, Корея халық республикасында бас штаб бастығы қорғаныс министрлігінің бас саяси басқармасы бастығымен және қорғаныс министрімен бірге ең ықпалды үш әскери лауазым болып табылады.
нравится:    677
Теги: Саясат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии