Әлем жаңалықтары
18 маусым 09:50
Солтүстік Кореяда кәмелетке толмаған балалардың үштен бірі үнемі аш жүреді
Солтүстік Корея халқы соңғы бір ғасырда болмаған ең ауыр қуаңшылық зардабын тартып отыр. Жергілікті билік мұның арты азық-түлік жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін деп дабыл қағуда. Соңғы кездері мұнда жаңбыр жаумай, күріш алқаптары құрғап қалған.



 90-жылдары осындай құрғақшылықтан мұнда мыңдаған адам қырылып қалған еді. Қазірдің өзінде Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтеріне сенсек, Солтүстік Кореяда кәмелетке толмаған балалардың үштен бірі үнемі аш жүреді. Сол себепті халықаралық ұйым бұл ел 111 миллион АҚШ долларына зәру екенін мәлімдеген болатын.

Дереккөзі: 24.kz
 

Комментарии




Яндекс.Метрика