21 Август
08:49
Астана: 9 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
3 мамыр 09:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Солтүстік Кореяда неке тойы мен жерлеу рәсімін өткізуге тыйым салынды


Солтүстік Кореяда елдің басқарушы Ұлттық партиясы съезінің қарсаңында қауіпсіздік мақсатында неке тойы мен жерлеу рәсімін өткізуге тыйым салынды.

6 мамырда ашылатын съезд 36 жылда алғаш рет өткізіледі. Партия жарғысына сәйкес, съезд Орталық комитет пен Орталық тексеру комиссиясы жұмысының қорытындыларын шығарады, бағдарлама мен жарғыны қабылдап, түзетіп, толықтырады. Партияның негізгі мәселелерін  талқылап, партияның бас хатшысын тағайындайды.

РИА Новостидің хабарлауынша, оңтүстіккореялық жаңалықтар агенттігінің дереккөзі КХДР-да бақылаудың ерекше кезеңі орнатылғанын жазған. Ел астанасы Пхеньянға кіруге шектеу қойылды, сондай-ақ Қытаймен шекарада қырағылық арттырылды. Адамдардың топталуын болдырмау үшін азаматтарға неке тойлары мен жерлеу рәсімдері сияқты шаралардан бас тарту бұйырылды, деп хабарлайды Ренхап. 

Агенттіктің нұсқасы бойынша, алдағы съезд ел көшбасшысы Ким Сен Ынның билігін нығайтуға бағытталған. Қазіргі көсем оны 2011 жылы өзінің әкесі Ким Чен Ирдің өлімінен кейін мұрагерлікпен алды, өз кезегінде оның әкесі КХДР-ның бірінші басшысы Ким Ир Сеннің мұрагері болған.
нравится:    670
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии