20 Ноябрь
15:48
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Туризм
6 қараша 14:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Солтүстік Кореяда туристерді кеңестік тікұшақпен қыдыртады
Солтүстік Кореяда бұрын-соңды болмаған туризм түрі ұсынылды. Мұнда келген саяхатшылар кеңестік Ми-17 тікұшағына мініп, Пхеньянды айналып ұша алады, деп хабарлайды Reuters.

Северная Корея

Олар ұшу барысында 105 қабатты Рюгён қонақ үйінің биіктігі деңгейіне дейін көтеріледі. Сонан соң Чучхе (170 метр) ескерткішінің жанынан ұшып өтеді де Ныннадо стадионына дейін жетеді, деп түсіндірді саяхат бағытын ұйымдастырушы Young Pioneer Tours экскурсия компаниясы. 40 минуттық ұшу сапары кезінде туристердің ғимараттарды суретке түсіруіне рұқсат етіледі. Әуеде серуендеу бағасы 180 еуро тұратын болады. Туристерді қыдыртатын Ми-17 тікұшағы бұрын әскерилерге тиесілі болған. Бірақ тікұшақтың қай жылы шығарылғаны белгісіз.  Ал елдегі Air Koryo Korean Airways мемлекеттік компаниясы сонау 1950 жылдары шығарылған Ан-24 ұшағымен Пхеньянды аралауға шақыруда, деп жазады lenta.ru.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    688
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии