|    |  
15 қараша 2018
09:08
қаз
Солтүстік Кореяның Қытайдағы барлық фирмалары жабылмақ
29 қыркүйек, 09:54 164
БҰҰ Пхеньянға қарсы санкциялар салғаннан кейін Қытай Солтүстік Кореяның өз аумағындағы барлық фирмаларын жабуға нұсқау берді.

 
 
Солтүстік Кореяның компаниялары Қытайдағы жұмыстарын қаңтарға дейін тоқтатады. Қытай мен КХДР-дің бірлескен кәсіпорындары да жабылмақ. Қазірдің өзінде Қытай Солтүстік Кореядан тоқыма бұйымдарын сатып алуды доғарып, мұнай экспортын шектеген. 11 қыркүйекте БҰҰ Солтүстік Кореяның алтыншы ядролық сынағына қарсы жаңа санкциялар енгізген болатын.


 
Ал Қытай қазір КХДР-дің негізгі сауда серіктесі. Қытай бұған дейін шығыстағы көршісін қорғап келген. Бірақ ядролық бағдарламаны дамытуына қарсы шығып, сауда-саттық байланыстарын шектей бастады. Қытайдың мұндай қадамға баруына АҚШ та ықпал етті.

Дереккөз: http://www.bbc.com/russian
Жаңалықтар