22 Ноябрь
09:47
Астана: -7 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Кербез
29 шілде 11:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Солярий адам денсаулығына зиян ба?
Солярий адам денсаулығына зиян ба?

Солярий - теңізге, суға бармай-ақ күнге күйіп, қараюға мүмкіндік береді. Қазірде ол халық арасында зор сұранысқа ие. Алайда бастапқыда солярий күнге күю үшін пайда болған жоқ. Заманауи солярийдің прототипі Фридрих Вольфтің ультракүлгін сәулеленуін зерттеу барысында жасаған құрылғысы болып келеді. Фридрих оның спортсмендерге әсерін тексеріп көрді. Нәтижесінде олардың иммунитеті жақсарып, өмірлік тонусы көтерілді және терісінің түсі қоңырланды.

Бірнеше жылдан кейін Фридрих Вольф бауырымен бірге жасанды түрде күнге күю үшін жасалған шамдар өндіретін компания құрды. Осы кезден бастап солярий пайда болды.

Солярийдің сұранысқа ие болу себебі — адамдар жылдың кез келген маусымында күнге күймей-ақ қарая алады.

Солярий екі түрге бөлінеді: тұрып қараятын (тігінен) және жатып қараятын (көлденең) солярий. Көбіне адамдар тігінен солярийге жазылады. Себебі онда теріңіз тезірек қоңырланады. Ал көлденең солярийге күйгеннен гөрі жаңа түсті "сақтау" үшін жазылады. Оның көмегімен терінің жаңа түсі ұзаққа сақталады.

Қазіргі таңда солярийге бару зиянды емес саналады. Себебі қазір ғалымдар ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерін өткізбей алатын құрылғыларды ойлап тапты.

Әр адамнан кейін солярий бөлмесі толықтай тазартылып, зарарсызданады. Арнайы мамандар теріңіздің «құрылымына» қарай сізге қажетті процедура санын анықтап, керекті иісмайды ұсынады.

Күнге күюдің солярийден басты айырмашылығы — күн теріңізді Д дәруменімен нәрлендіреді. Дегенмен қазіргі таңда сапалы солярий студияларында жаңа технологиямен жасалған шамдар теріні Д дәруменімен нәрлендіре алады. Бұл жаңа заманның мүмкіндігі.

Зиянды әсері жайлы айта кетсек. Күнге күйетін болсаңыз да, солярийге барсаңыз да, көп уақыт бөлмеген жөн. Күнде сіз теріңізді күйдіріп жіберсеңіз, солярийде де сондай «эффект» алуыңыз әбден мүмкін.

Сол себепті солярийге жазылғанда арнайы маманның кеңесіне құлақ түріңіз. Қанша минут қабылдау керек, қандай иісмай алу керектігін мұқият тыңдап алып, сол кеңесті бұлжытпай орындаңыз. Шашқа арналған бас киім, көзді ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын көзілдіріксіз солярийге кірмеу керек сияқты міндетті ережелерді бұзбаңыз.

Сонымен қатар екіқабат не баласын емізетін әйелдер үшін солярийге баруға болмайды. Тері ауруымен ауратын адамдарға да күнге де, солярийге де бармаған жөн.

Дереккөзі:massaget.kz
нравится:    907
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии