Әлем жаңалықтары
27 қазан 10:57
​Соңғы 40 жылда жануарлар 60% азайған

 
Бұл туралы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының баяндамасында айтылған. Қор Лондондағы зоологиялық қоғаммен бірлесе отырып индексті есептейді. 1970 жылдан 2012 жылға дейін индекс 58% төмендеген. Қор қөзметкерлері бұл индекстің 2020 жылға қарай 67% төмендейтінін айтып отыр.
 
Жабайы жануарлар популяциясының азаюына адам баласының түрлі іс-әрекеті себеп болған. Атап айтқанда қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі сияқты себептер бар.
 
Сондай-ақ баяндамашылар өзен-көлдерде өмір сүретін тіршілік иелерінің көп шығынға ұшырағаны хабарлады. 1970 жылдан бері тұщы суда өмір сүретін жануарлар популяциясы 81% азайған.
 
Дереккөз: zakon.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика