21 Август
19:56
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
26 шілде 16:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сорпаға қосуға болмайтын азық-түліктер

Сорпа дайындағанды жақсы көресіз бе? Біле білсеңіз, сорпа сізге артық салмақ жинамауға септігін тигізеді. Бірақ сорпаға мүлде қосуға болмайтын заттар болады екен.

Ақ ұн

Сорпаға кеспе салатын болсаңыз, ақ ұннан дайындалғанын қолданбаңыз. Ол сізге артық калорияға ғана алып келеді.

Сорпаға арналған текшелер

Бұл текшелерде ағзаға зиян натрий қоспаларынан бөлек, жасанды бояулар бар. Оның барлығы біздің ағзамызды зақымдайды.

Шырын

Сорпаның дайындалу рецептерінің көпшілігінде шырын қосуды ұсынады. Бірақ шырынның құрамында қант болатындықтан, артық салмақтың артуына алып келеді. Сол себепті тек балғын көкөністерді қосқан жөн.



Тұзды сорпалықтар

Дүкенде сататын сорпалықтар аз калориялы болғанымен, тұздың көп мөлшері қан қысымының көтерілуіне, іштің желденуіне алып келуі мүмкін.

Жүгеріден дайындалған нан

Мексикалық асхананың тағамдарын жейтін адамдар үшін жүгері нанынсыз сорпаны елестету мүмкін емес. Бірақ ол ағзаға артық май мен калория қосады.

Консервіленген көкөністер

Консервіленген көкөністің құрамында мүлде пайдалы заттар жоқ. Тек артық тұздың мөлшері бар. Ол да адам ағзасын улайды.

http://ikerim.kz/2017/07/17/sorpaga-kosyga-bolmaityn-azayktar/
нравится:    490
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии