21 Август
06:57
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
16 шілде 10:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

СПИД індеті 2030 жылы толығымен жойылуы мүмкін
СПИД індеті 2030 жылы жер бетінен толығымен жойылуы мүмкін деп хабарлады trt.net.tr БҰҰ рапортына сілтеме жасап.


Біріккен Ұлттар Ұйымы СПИД-пен күрес мекемесі “2015 жылдың соңына дейін СПИД-ке шалдыққан 15 миллион науқасты емдеу” жоспарына наурыз айында қол жеткізгенін жариялады.

Мекеменің рапортына қарағанда, соңғы 15 жылда 39 миллион адам HIV вирусын жұқтырған. Қазірге дейін аталмыш індеттен 25 миллион адам қаза тауыпты, 15 миллион адам вирусты жұқтырғанына қарамастан емделіп шыққан.

Құжатта жаһандық күрестің арқасында 2000 жылдан бері HIV вирусын жұқтырған 30 миллион науқастың 8 миллионы өлім аузынан қалғаны атап көрсетілген. Сонымен қатар, 15 жылдың ішінде СПИД-ке шалдыққандар 35 пайызға, одан көз жұмғандар 41 пайызға азайыпты.

Рапортта көлемді бағдарлама қолға алынған жағдайда бұл індет 2030 жылы толығымен жойылуы мүмкін екені айтылады.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    837
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии