26 Сентябрь
11:42
Астана: 5 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Спорт
28 қазан 10:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Спорттың арқасында табысқа кенелген қазақстандық спортшылар
Соңғы жылдары қазақстандық спорт жедел қарқынмен дамып келеді. Отандық спортшылар жетістіктерімен әлемді мойындата алатын деңгейге жетті деп хабарлайды Nur.kz.

allfons.ru-1432

Редакция әлемді аузына қаратқан отандық спортшылар арасынан ең табысты 5 спортшыны назарларыңызға ұсынады.

5. Денис Тен, мәнерлеп сырғанау

Ten-out-of-Ten-for-Kazakhstans-bronze-medal-hero_74328390014673

2014 жылы Сочидегі Қысқы Олимпиадада қола медаль иеленген Денис Тен мансабында алғашқы қомақты табысқа кенелді.

Жанкүйерлерінен сыйлық ретінде спортшы Chevrolet Cruze көлігін және Central Park Residence тұрғынүй кешенінен пәтер алды.

300 мың долларға жуық қаражатты құрайтын сыйлықтарды алған Денис өзінің жеке мұз шоуын ұйымдастыра бастады.
 

Feb 14, 2014; Sochi, RUSSIA;   Denis Ten of Kazakhstan during the figure skating-men free skating during the Sochi 2014 Olympic Winter Games at Iceberg Skating Palace.  Mandatory Credit: Robert Deutsch-USA TODAY Sports

Бұдан бөлек Тен All That Sports банкімен серіктес болып келетін жеке банкін ашып, одан түсетін табыс қауесеттерге сенсек, 1 млн долларға жеткен.

4. Илья Ильин, ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы (2008, 2012), төрт дүркін әлем чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) Илья Ильин де табысты спортшылар қатарында.

Ilya Ilyin of Kazakhstan celebrates setting a new world recordIlya Ilyin of Kazakhstan celebrates setting a new world record and winning the gold medal in the Men's 94kg Weightlifting final on Day 8 of the Lo

Бейжің Олимпиасында ауыр атлет пәтер мен көлік түрінде берілген сыйлықтарды қоса есептегенде 300 мың доллардан жоғары қаражат тапты. 

ilya_ilyin_5

Ал Лондондағы жеңісінен 760 000 доллар табысқа қол жеткізді деп жазадыmojazarplata.kz сайты. Ильин соңғы 7 жылда 1 млн доллардан астам табысқа кенелген деп болжауға болады.

3. Зарина Дияс, теннис

Сұлу әрі дарынды теннисші Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Ол әйелдер арасында әлемдік рейтингте 51-ші орынға тұрақтаған.

2015+French+Open+Day+Six+mVATT6EI1_pl

Tengrinews.kz ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың маусымында Зарина “Ролан Гаррос” турнирінде алғашқы миллион долларын жеңіп алды.

Zarina Diyas_hot02

2. Ярослава Шведова, теннис
Кәсіби отандық теннисші талай рет ел намысын қорғап, әлемдік турнирлерге шыққан.

2013+French+Open+Day+Three+KwhOdRPj1-Dx

Қазақстандық теннисшілер арасында ол ең табысты деп саналады (4,3 млн доллар). Шведова бұл көрсеткішімен ең табысты спортшылардың жүздігінде 79-шы орынға тұрақтаған.

Yaroslava-Shvedova

1. Геннадий Головкин, кәсіби бокс

Геннадий Головкин бүгінде өзін миллионерлер қатарына жатқыза алады.

Канадалық Давид Лемьемен жекпе-жегінде ол 2 млн доллар тауып, оған дейінгі жекпе-жектерінен 2,5 млн доллардан жоғары табысқа кенелген. Боксшы жарнама саласынан қаражат табады. Мәселен, жақында Apple-дің келбетіне айналды.
 

051615-Boxer-Gennady-Golovkin-from-Kazakhstan-knocks-out-Willie-Monroe-PI.vresize.1200.675.high.73

Бұдан бөлек 2014 жылы Головкин GGG жеке сауда маркасын тіркеді. Боксшы әлем бойынша киім мен кәдесыйлар коллекциясын сатпақ. Сонымен қатар GGG Қарағанды облысында туристік жобаны іске қоспақ.
 

gennady-golovkin-vs-marco-antonio-rubio-10-photo-by-naoki-fukuda

Головкиннің тапқан қаражатының ортақ сомасы 4,5 млн долларды құрайды.

Бұл тізімге спорттан кейін кәсіпке сәтті бет бұрған Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Серік Сәпиев және өзге де спортшыларды кіргізуге болады.
нравится:    915
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии