18 Октябрь
02:27
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Мәдениет
21 қыркүйек 15:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сталин туралы комедия Ресейде көрсетілмеуі мүмкін


Ресейдің Мәдениет министрлігі елде қарсылық қаупін тудырмас үшін режиссер Армандо Ианнуччидің «Сталиннің өлімі» атты саяси сатиралық фильмін көрсетуге тыйым салу туралы мәселені қарастырып жатыр, деп хабарлайды британдық Dazed журналы.

«Келесі айда Батыста кинотеатрларды фильм көрсетіліп жатқан кезде Ианнуччи мен Entertainment One Films компаниясы Ресей Мәдениет министрлігінің жауабын күтетін болады», — деп хабарлайды басылым.

Комедияны көрсетуге тыйым салынаты жөнінде The Guardian газеті де жариялады. Аталмыш басылым кинотуындыны «жеккөрінішті» деп атаған РФКП өкілдерінің, сондай-ақ «Сталиннің өлімін» «жоспарланған провокация» деп атаған Ресейдің Мәдениет министрі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Павел Пожигайлоның мәлімдемесіне сүйенген.



20 қыркүйекте Ресей Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі «Интерфаксқа» Ресейде фильмді прокатқа шығарушы әлі белгіленбегенін хабарлады. Яғни, ведомствоға фильмнің прокаты жөнінде құжаттар рәсімдеуге ешкім өтініш білдірмеген.

18 қыркүйекте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Сталиннің өлімі» кинотуындысы Алексей Учительдің «Матильдасы» секілді қоғамда үлкен толқу тудыруы мүмкін екендігі туралы пікір білдірген болатын. Сонымен қатар ол Мәдениет министрлігінің прокаттық куәлік беруге ешқашан салғырттықпен қарамағанын атап өтті.

Сол күні «Би-би-си»-дің орыс тіліндегі қызметі аталған фильмге қатысты Пожигайлоның пікірін жариялады. Қоғамдық кеңестің басшысы алдымен фильмді көріп шығу қажет екендігін атап өтті. «Егер бұл Ресей тарихына күйе жағатын кезекті насихаттық провокациялық кампания болып табылмаса, онда қорқатын дәнеңе де жоқ», - дейді ол.

«Сталиннің өлімі» фильмінде кейіпкерлерді Стив Бушеми, Тимоти Далтон, Ольга Куриленко және Майкл Пэйлин сомдаған. Фильм Иосиф Сталин қайтыс болғаннан кейінгі КСРО саяси элитаның өміріне арналған. Кинотуынды 20 қазанда прокатқа шығады.




Дереккөзі: https://lenta.ru
нравится:    53
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии