21 Август
18:04
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
17 мамыр 15:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Статистика: Қазақстан халқы бір жыл ішінде 257,1 мың адамға өсті



2016 ж. 1 сәуірде  еліміздегі халық саны 17733,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 10113,8 мың (57%), ауылдықтар - 7619,4 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,47% өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады.
 
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 ж. қаңтар-наурызда туылғандар саны 99,4 (2015 жылғы қаңтар-наурызда - 92,1) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-ақпанға қарағанда 7,9% көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 31% (32%), 29% (29%) және 19% (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,47 (21,31) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 34,4 (33,2) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-наурызға қарағанда 3,6% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,78 (7,70) қайтыс болғандарды құрады.
2016 ж. қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2015ж. қаңтар-наурызбен салыстырғанда 6,1 мың адамға немесе 10,4% көбейіп, 65,0 (58,9) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,69 (13,61) адамды құрады.
2016 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейінгі 1033 (847) нәресте өлімі тіркелді. 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 22% көбейді. 2016 жылғы қаңтар-наурызда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 10,39 (9,23) құрады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2016 жылғы қаңтар-наурызда 551 (444) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 53,3% (52,4%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 217 (169) немесе 21% (20%), тыныс органдары ауруларынан - 91 (56) немесе 8,8% (6,6%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 39 (42) немесе 3,8% (5%)  нәресте қайтыс болды.
Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 26,7% кеміп, 3053 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 20,3% көбейіп, 5434 адамды құрады, көші-қонның айырымы -2381 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 75,2% және 87,7% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2015 ж. қаңтар-наурызбен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 16,6% азайып, 97660 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,5% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (8586 адам) қаласында және Ақмола (320 адам), Қостанай (318 адам), Маңғыстау (291 адам), Павлодар (280 адам), Атырау (83 адам) облыстарында қалыптасты.
 
 
нравится:    679
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии