17 Декабрь
14:15
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
19 мамыр 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Стив Джобс» фильмінің алғашқы трейлері көрерменге ұсынылды
Ғаламторда басты рөлді Майкл Фассбендер сомдаған «Стив Джобс» фильмінің алғашқы ресми трейлері шықты.
Фильм әлемдік көрсетілімге үстіміздегі жылдың 9 қазанында, ал Қазақстанда 12 қарашада шығуы жоспарланған.


Туынды сценарисі – Аарон Соркин. Режиссері – Дэнни Бойл. Бұған дейін Apple-дың негізін қалаған Джобс бейнесіндегі Фассбендердің суреті ғаламторға жүктелген болатын.
Картина сюжеті Уолтер Айзексонның кітабының желісі бойынша түсірілген. Уолтер Айзексон аталған кітапты көзі тірісінде аңызға айналған Стивтің өз аузынан алған 40 сұхбаттарын және оның достары мен жақындарымен болған әңгімелердің басын қоса отырып шығарған болатын.
Түсірілім жұмыстарды қаңтар айының соңында Сан-Франциско қаласында басталғаны белгілі.
Айта кету керек, бұл Стив Джобс туралы алғашқы фильм емес.
2013 жылы Эштон Кутчердің қатысуымен «Джобс: Империя соблазнов» фильмі жарық көрген болатын.






 
нравится:    783
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии