22 Сентябрь
04:54
Астана: 11 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Спорт
17 маусым 16:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Стивен Сигал Астанадағы жекпе-жектер өнері фестиваліне қатысады
Астанада Елорда күнін мерекелеу аясында жекпе-жектер өнерінің бірінші халықаралық фестивалі өтеді, оған Голливуд актері, айкидо айкикайдың жетінші дан иегері Стивен Сигал қатысады.



Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясының барысында «Астана қаласының мәдениет басқармасы» ММ басшысы Болат Мажағұлов хабарлады.
«Астанада қала күнін мерекелеу аясында Голливуд жұлдызы, Стивен Сигал,  актер, кәсіби спортшы, «Бокс әлемі», «Қаһармандар елі» тележобасының жүргізушісі Сергей Бадюк, сондай-ақ кәсібилер арасында кикбоксингтен қазіргі чемпион Бату Хасиковтың қатысуымен өтетін жекпе-жектер өнерінің бірінші халықаралық фестивалі жоспарланған», - деп нақтылады Б.Мажағұлов.
Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, фестивальға АҚШ, Қазақстан, Қытай, Ресей, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінен өздері қатысатын жекпе-жек түрлеріндегі үздік шеберлер мен ең жоғары белбеулер мен дандардың иелері қатысады. Айкидо, джиу-джитсу, капоэйра, будзинкан, тай боксы, каратэ годзю-рю, шин кали, кендо, таэквондо, вин-чун, шаолинь және қол жекпе-жегі сияқты 12 тәртіп түрі бойынша көрнекі жекпе-жектерді өткізу жоспарланған.
Жекпе-жектер өнерінің фестивалі 26 маусым күні Астанадағы «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында өтеді.
Бұдан басқа, Астана күнін мерекелеу аясында 3 маусым күні елордада «M-1 Challenge 59 - Номадтар шайқасы - 5» аралас жекпе-жектен кезекті жарыс болып өтеді. Бұл кештің басты айқасы - ММА ауыр салмақтағы спортшылары  Кенни Гарнер мен Сергей Харитоновтың жекпе-жегі болмақ. Ұйымдастырушылардың сендіруінше, бұл айқас жанкүйерлердің арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. 

Дереккөзі: inform.kz
нравится:    768
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии