19 Август
15:07
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
6 қыркүйек 18:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Стивен Сигал: Бешбармақ мен жеген тағамдардың ішіндегі ең дәмдісі


Бүкіл әлемге танымал америкалық актер Стивен Сигал көршілес Қырғыз еліне барып, бірқатар ойларымен бөлісіпті.

Бұл туралы Sputnik Кыргызстан хабарлайды.

Ол арнайы өткізген баспасөз жиыны кезінде өзінің Қырғызстандағы айкидо бойынша бас инструктор болып тағайындалғанын жеткізді. Америкалық онда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың шақыртуы бойыншы барыпты. Сондай-ақ, актер Ыстықкөл облысындағы II бүкіл әлемдік көшпенділер ойындарына да қатысып жатыр.

“Сіздердің елдеріңізді көрсеткені үшін президентке үлкен алғыс айтамын. Маған Қырғызстан ұнап қалды. Ал бешбармақ тағамы мен дәмін татқан тамақтардың ішіндегі ең кереметі деп айтар едім. Біз президентпен түрлі философиялық тақырыптарда әңгімелестік. Оған үлкен рахмет!,” – деді Сигал.



Стивен Сигал Атамбаевты “өз елі үшін аянбай еңбек етіп жатқан ұлы адам” деп те атап өтті.

Ол сонымен қатар, Қырғыз жерінде фильм түсіру үшін актерлер іріктейтінін, әзірге қандай жанрда, не туралы түсіргелі жатқанын жобалау үстінде екенін айтты. Баспасөз жиынынан соң ол “Фрунзе” мейрамханасында концерт те берді.

Бұған дейін Стивен Сигал Беларусия еліне де қонақ болып, Александр Лукашенко оған сыйлық ретінде қарбыз бен сәбіз сыйлаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 58-ден астам елдің 600 жүзге тарта спортшысы қатысуда. Олар 25 спорт түрінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратуда. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 75 спортшы қорғайды.
ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 3-8 қыркүйек аралығында өтеді. Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары-2016 бағдарламасына 26 ұлттық спорт түрі енгізілген.



Дереккөзі: stan.kz
нравится:    1013
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии