18 Декабрь
16:59
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
30 наурыз 16:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Стивен Спилберг ғылыми-фантастикалық фильм түсірмекші


Стивен Спилбергтің келесі режиссерлік жұмысы Эрнест Клайнның "Бірінші ойыншы, дайындал"("Ready Player One") атты ғылыми-фантастикалық романына негізделеді.

Сюжеттегі оқиға жақын болашақта өрбиді. Әлемдік экономика құлдырауда, ресурстардың жаһандық дефициті сезілуде. Дегенмен интернет және ойын мәдениеті керемет дамыған. Солардың бірі - ОАЗИС деп аталатын виртуал әлем. Ойынды құрастырушы Джеймс Хэллидей өлерінің алдында ойынның ішінде жұмбақтар жасырып кетеді. Осы жұмбақты тауып, шешкен ойыншы оның миллиондаған байлығына ие болмақ. Мұраға таласқан адамдар мен компаниялардың шайқасы осылай басталады.

Фильмге әзірге Оливия Кук, Саймон Пегг, Тай Шеридан, Бен Мендельсон секілді актерлердің түсетіні белгілі. Премьерасы 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Дереккөзі: kinostan.kz
нравится:    735
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии