17 Август
21:43
Астана: 23 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Спорт
14 желтоқсан 15:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Стойловтың ай сайынғы жалақысы $100 мыңға жетті

«Астана» футбол клубының басшылығы бас жаттықтырушысы Станимир Стойловтың жалақысын көтеріп, 2017 жылдың соңына дейін келісімшартты ұзартты. 

Стойловтың ай сайынғы жалақысы 100 000 АҚШ долларына теңгерілді. Басшылық болгар маманының өткен маусымдағы осылай бағалағанға ұқсайды. Астаналық футболшылар жаттықтырушының басшылығында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне дейін сүрінбей жетті.

Әлемнің үздік командаларымен терезесі тең ойын көрсетіп, жанкүйерлерін әжептәуір марқайтып тастағаны да рас. Сөйтіп, клуб өзіне тиесілі 16,7 млн. доллар қаржыны алды.

«Астана» басшылығы клубтың тағдырын тағы да Станимир Стойловқа тапсырып отыр. Демек, болгар маманы команда ойыншылары мен басшылардың көңілінен шыққан.

Айта кету керек, қазір «Астана» командасы демалысқа шықты. Футболшылар 10 маусымда Дубайда жиналып, алғашқы жаттығу жиындарын өткізеді. Жаңа маусымда «Астана» Қазақстан чемпионы атағын қорғайды, ал жазда УЕФА Чемпиондар лигасында қайта сынға түседі.

Дереккөзі:ras.kz
нравится:    791
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии