Әлем жаңалықтары
23 маусым 09:49
Студент қыз 14 сантиметрлік металл қасықты жұтып қойды
Қытайлық студенттің асқазанынан дәрігерлер 14 сантиметрлік металл қасықты алып тастады.




Қытайдың Ухань қаласындағы университет студенті металл қасықты жұтып қойып, ауруханаға жеткізілген. 22 жастағы бойжеткен балмұздақ жеп, жатақханасына бара жатқан. Дәл сол сәтте студенттердің бірі оны итеріп жіберіп, бойжеткен қасықты жұтып қояды. "Жәбірленушінің айтуынша, бастапқыда медициналық көмекке жүгінуді жөн санамаған. Алайда осы тәрізді оқиғаларды Интернеттен оқыған ол дәрігерге көрінуге бел буады. Дәрігерлер ішкі ағзаға еш зиян келтірместен, қыздың асқазанындағы қасықты небәрі 10 минут ішінде алып шыққан.

Дереккөзі: dni.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика