24 Август
14:41
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
21 маусым 15:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Суды қай уақытта ішу керек?



Соңғы уақытта қоғамда денсаулықты қалыпты ұстау үшін суды көп ішу қажет деген пікір қалыптасып келеді. Ал, іс жүзінде кез келген дәрігер сізге күніне 2 литр су ішу жеткілікті екенін айтады. Одан артық ішкен суыңыз бүйрекке артық салмақ салады. Сондай-ақ, бұл жерде ең бастысы – суды қандай көлемде емес, қай кезде ішу қажет екенін естен шығармау.
 
Міне, кардиологтар осы тұрғыдан мынадай кеңестер береді:

1. Таңертең ұйқыдан оянған соң бірден 2 стакан су ішіңіз – бұл барлық ішкі органдардың «оянуына» көмектеседі.

2. Тамақ ішер алдында 1 стакан су ішкен дұрыс. Бұл зат алмасуды жылдамдатады және жалпы ас қорыту органдарының жұмысын жақсартады.

3. Ванна қабылдар алдында 1 стакан су ішіңіз. Бұл денеңіздің рахаттануына және артериалық қысымды төмендетуге ықпал етеді.

4. Ұйықтар алдында тағы 1 стакан су ішуді ұмытпаңыз. Бұл ұйқыңыздың тыныш болуын қамтамасыз етіп, жүрекке түсетін салмақты жеңілдетеді. Егер осыны күнделікті дағдыға айналдырсаңыз, ұйқы кезінде жүрек талмасына шалдығу қаупі 95%-ға төмендейді.

Айтпақшы, мұндай дағдының тағы бір жақсы жағы – түнде аяқта сіңірдің тартылуын болдырмайды.


Дереккөзі: https://uduba.com
нравится:    1225
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии