13 Декабрь
01:55
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
5 қыркүйек 16:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

“Сұлтан Сүлеймен” сериалының жұлдызы сүйіктісінің ұсынысын қабылдамай қойды

Әйгілі “Сұлтан Сүлеймен” түрік телесериалының бас кейіпкері Мерием Узерлиге сүйіктісі ұсыныс жасаған.

Бұл туралы 1news.az хабарлайды.

Актрисаның сүйіктісі белгілі түрік бизнесмені, яхта-клубының иесі Алып Озджан екен. Жұп сегіз айдан бері кездесіп жүрген.

Жігіт ұсынысты Берлинде Мерием Узерлидің 33 жасқа толған туған күнін тойлау кезінде жасаған. Жас жігіттің ұсынысына актриса бірден жауап бермеген. Кейінірек, “Әзірге біраз күте тұрамыз, әлі ерте” деп қарсылықпен жауап қайтарған.

Бұған дейін түркиялық ақпарат құралдары бизнесмен мен актрисаның тойы тамыздың аяғында болады деп жазған еді. Алайда күтпеген жауаптың кесірінен, ол той жуық арада бола қоймайтын секілді.

Еске сала кетсек, 31 шілде күні Мерием Узерли әлемдегі ең үздік актриса атағын да иеленген болатын. Ол марапаттау кешінде кейіпкерді жәй ойнап ғана қоймай, соның өмір сүру салтына кіріп, образға енгенін және бұл марапаттың үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтқан еді.


Stan.kz
нравится:    1661
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии