|    |  
07 желтоқсан 2019
01:25
қаз
Сұлулық құпиясы
11 шілде 2019, 15:26 221
Менің сүйікті мұсылман əпке-қарындастарым, бұл кеңестер сізге өміріңіздің соңына дейін сұлу, əрі көрікті болып қалуыңызға көмектеседі! 



1 - Көзіңізді əсемдеу үшін - бөтен еркекке қараудан көзіңізді тосыңыз, бұл көзіңізді жайнатып əрі таза етеді! 

2 - Бетіңізді əсемдеу үшін - күніне кем дегенде 5 рет дəрет алыңыз! 

3 - Тартымды ерін үшін - тек шындықты айтып, Алланы көп еске алыңыз. 

4 - Бояу мен помадаға келсек... «Инабаттылық» ең керемет құрал, оны ешқандай сəн салонынан таба алмайсыз. 

5 - Бет жəне үстіңіздегі кірден айырылу үшін - "Астағфирулла" деген сабыннан пайдаланыңыз, бұл көптеген жаман амалдарды жояды. 

6 - Енді шашқа келсек, шашыңыз түсетін болса - онда шаштарыңыздың құртылуынан қорғайтын шариғатқа сай "Орамал" киюіңізге кеңес беремін. 

7 - Əшекей бұйымдарға келсек, қолыңызды садақа беретін жомарттықпен безендіріңіз. 

8 - Жүрек ауруларынан айығу үшін - сізді ренжіткен адамдардың барлығын кешіріңіз. 

Егер осы кеңестерге жүгінсеңіз, ин шəə Алла сыртқы, əрі ішкі дүниеңізді сұлу, тартымды, көрікті етесіз! 
Шынайы сұлулық жан дүние сұлулығы екенін ұмытпағайсыз. 
Алла Субхан уа Тағала ішкі де, сыртқы дүниеміздің сұлу болуын нəсіп етсін!

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар