19 Август
04:07
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
19 ақпан 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сұлулыққа картоптың пайдасы

Картоп арзан әрі қолжетімді көкөністердің бірі. Арзан болғанымен оның қабығының астында пайдалы заттар көп екенін де біліп жүрейік. Қарапайым картопты үй жағдайында косметикалық құрал ретінде пайдаланудың жолдарын ұсынамыз. 

Көз
Қияр кесектерін қою арқылы көз ісінуін кетіруге болатынын білеміз. Картопты да сол мақсатта пайдалануға болады. Картопты жіңішке етіп тураңыз немесе үккіштен өткізіп, дәкеге салып, көзде 10-15 минут шамасында ұстаңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз. 

Тері

Теріге безеу шығып кетсе, оны үш күн қатарынан картоп сусынымен сүртіңіз. Картоп сусыны күнге қатты күйген терінің ашығанын басуға да көмектеседі. Картопты қайнатқан суды суытып, оны бет жууға арналған тоник ретінде қолдануға болады. Мұндай тоникті тоңазытқышқа қою қажет және 2-3 күннен артық сақтауға болмайды.

Шаш
Егер шаш түсін қарайтқыңыз келсе, картоп қабығынан дайындалатын шаюға арналған сұйықтық дайындаңыз. Жуылған ірі картоптың қабығын және бір анар қабығын ыдысқа салыңыз. Қабықты жауып тұратын етіп су құйыңыз. Қайнатыңыз, одан соң оттан алып, суытыңыз. Суын сүзіп алып, шашыңызды сусабынмен жуып болғаннан кейін, жаңағы сұйықтықпен шайыңыз. Нәтижесінде шашыңыз табиғи түсіне қарағанда аздап қарайғанын байқайсыз.

Шағу және күйік
Картоп жәндік шаққанда немесе кішігірім күйіктен пайда болатын ауруды басуға көмектеседі. Шикі картоп кесіндісін ауырып тұрған жерге 5 минутқа басыңыз. 

Есіңізде болсын, егер теріні күйдіріп алсаңыз, зақымданған жерді алдымен салқындату керек. Күйген жерді краннан аққан өте суық суға ұстаңыз немесе 10 минут шамасында мұз басыңыз. Суықтың тарау жылдамдығы жылудың тарау жылдамдығынан аз.  Сондықтан 1 секундта күйдіріп алған жеріңізді 10 минут салқындату қажет. Күйген жерге түрлі май мен крем қолданудың қажеті жоқ.

Шаршаған жағдайда
Картоп қайнатқан суды бөлме температурасында суытып алыңыз. Содан соң суыған суды легенге құйып алып, шаршап тұрған аяғыңызды 20 минут шамасында салып жатыңыз. Сонымен қатар картоп қайнаған суда болатын крахмал аяқ жараларының тез жазылуына да көмектеседі.

massaget.kz
нравится:    2809
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии