24 Сентябрь
10:59
Астана: 1 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Мәдениет
28 наурыз 14:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сурет салудың 100 әдісі - жапырақтар мен тұздан өрнек салатын суретші
Астанада тұратын Қанат Нұртазин ерекше материалдардан сурет сала алады. Ол өзінің алғашқы суреттерін жапырақтар мен картондардан жасаған.  Кейін келе өрнектерді тұздан, кеңселік батырмалардан, шегелерден, алма мен бананнан және раушан гүл жапырақтарынан т.б. заттардан салуды қолға алыпты деп жазады mix.tn.kz сайты.





"Мен сурет салу өнерімен осыдан 2,5 жыл бұрын, оқуды аяқтағаннан кейін  айналыса бастадым. Қандай да бір жаңа жұмыс жасауға менің уақытым жеткілікті болды. Бастапқы кезде картон мен жапырақтан қиып сурет сала бастадым. Кейін келе  оның ауқымы ұлғая түсті",- дейді Қанат.





Жалпы әуесқой суретші Қанат өзінің жұмыстарын Instagram-дағы жеке парақшасында жариялап ғана отырады екен.
 
 
  Тұзбен салынған сурет.

​«Мен сурет салудың 100 әдісі» деген атаумен жобаны қолға алдым. Мен аталған жоба арқылы сурет салуды түрлі әдістері мен тәсілдерін көпшілікке көрсеткім келді. Қазіргі кезде мен 50 әдіспен суре сала аламын.  Өкінішке орай, менің көпшілік жұмыстарымды ұзақ сақтауға мүмкіндіктер жоқ, сондықтан да мен оларды суретке түсіріп сақтаймын»,- деді Қанат Нұртазин.
 
 

Қазіргі кезде Қанаттың өмірін тамашалаушы 2500 жуық жазылушы бар екен. Қанаттың айтуына қарағанда, ол өзінің суреттеріне әлемді толғантатын, күллі адамзаттық проблемаларды арқау етеді екен.



​«Менің хоббим - мына әлемді менің көзіммен айнытпай көрсету. Осы жерде айта кетейін, хоббим менің жұмысыммен байланысты емес. Мен Назарбаев Университетінде әкімшілік қызметкермін»,- дейді суретші.



Дереккөзі: reactor.inform.kz
нравится:    3113
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии