Кербез
1 қаңтар 14:47
Сүрме кеуіп қалғанда не істеу керек?
Көзге жағатын сүрменің бірнеше мәрте қолданғаннан кейін кеуіп қалатын кездері болады. Мұндай жағдайда жаңасын алуға асығудың қажеті жоқ. Себебі өзіңіздің сүрмеңізді сұйылтып алуға болады.



Оның төмендегідей жолдары бар:
 
1.Стақанға жылы су құйып, сүрмені (флаконымен) сонда салыңыз. Бірақ сүрмені бұлай жылыту арқылы сұйылту көпке бармайды. Сондықтан оны үнемі осылай жылытып отыру керек болады.
 
2.Көздегі бояуды сүртетін сұйықтық. Осы сұйықтан бірнеше тамшы тамызып, флаконды шайқаңыз.
 
3.Құрамында спирті жоқ тониктің бірнеше тамшысын тамызыңыз.
 
4.Көзге тамызатын дәрілік тамшылар да сүрмені сұйылтады. Бұдан да бірнеше тамшы тамызсаңыз сүрмеңіз бұрынғы қалпына келеді. Бірақ тым көп құйып жібермеңіз.
 
Дереккөз: woman.rambler.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика