26 Май
14:08
Астана: 30 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
11 ақпан 12:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сүйген жігіт жасамайтын 7 іс

Сүйіктіңіздің өзіңізді сүйетінін я сүймейтінін қайдан білуге болады? Қарап көрейік
 
Ол сізді кінәламайды
Егер ер адам сізді сүйсе ол өз қателерін мойындайды. Тіпті сіздің қателеріңіздің біразын өзіне алады.

Ол сізді балағаттап, қорламайды
Қарым-қатынастарыңыз қатты шиеленіссе де сізді сүйген адам қорлап, балағаттамайды.

Сіз ол үшін ешқашан екінші орында болмайсыз
Сүйген ер адам үшін сіздің қажеттіліктеріңіз де өзінікіндей маңызды. Егер ол сізбен емес, достарымен жүргенді, видеоойындар ойнағанды, балыққа кеткенді жақсы көретін болса ол сіздің батырыңыз емес.

Ол сіздің жаныңызды ауыртпайды
Сізді сүйген ер азамат сіздің кемшіліктеріңізді өзгелерге айтпайды, мазақтамайды.

Ол сізді сыртыңыздан сөкпейді
Ол ата-анасына да, достарына да сізді жамандамайды.

Ол өтірік айтпайды
Жақсы қарым-қатынас сенімге құрылады. Шын сүйген адам опасыздық жасамайды және өтірік айтпайды. Ол тәтті өтіріктен, ащы шындық жақсы екенін біледі.

Ол сізді өз өмірінен сызып тастамайды
Тіпті романтикалық қарым-қатынас өткеннің еншісінде қалса да ол сіздің досыңыз болып қалуға тырысады.


Дереккөз: woman.rambler.ru
нравится:    133
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии