15 Декабрь
14:22
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
3 маусым 15:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сүйіктісі үшін қыз болып киініп, ҰБТ тапсырмақшы болды
Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласыда ер жігіт сүйікті қызы үшін сынақ тапсырмақ болды.


Жақсы көретін қызының орнына тест тапсырмақшы болған жігітті  бақылаушылар байқап қойған.

Бұл жөнінде  Facebook  әлеуметтік желісінің қолданушылары жарыса талқылап жатыр.

Жігіт қыз бала секілді киініп алған. Баян Уксикбаева деген әлеуметтік желі қолданушысы осы ақпаратты тарату кезінде «Тіпті жігіт қызға ұқсау үшін аяғының жүнін қырыпты. Енді оны қатты жазаламаса екен» деп тілепті.

Infomburo.kz хабарлауынша, Мақтарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев 1998 жылы туылған сүйіктісі  жасөспірімнің осындай қадамға барғанын растады.

Ол қызға ұқсау үшін шашына парик киіп, қасы мен көзін бояп алған. Бір қызығы, сүйіктісі үшін өзге облыстан келіп, тест тапсырмақ болған жігітті бақылаушылар дереу байқап қойыпты.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    3009
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Айгул2015-06-05 23:15:50
    Ойнап жүріп от бастыма қалай аа. Обал болды. енді қызы оны бағаласа.
  • Ай2015-06-08 17:07:39
    Қыз болса әдемі-ақ қыз болады екен))))))))))))))))))
  • кенже2015-06-10 13:17:02
    Жигиттин кадирин тусин ше жаксы гой