15 Декабрь
14:10
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
12 қаңтар 17:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Т.Әубәкіров пен А.Айымбетовтің өміріндегі 5 ғажайып сәйкестік


Жақында Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде "Тұлғатану" қоғамдық жобасы аясында қазақтың Тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырған едік. Ұлт батырының әңгімесін тыңдап, сұрақтарына жауап алуға 800-ге жуық студент жиналды. Зиялы қауым өкілдері тағы бар. Айтайын дегеніміз жоғары деңгейдегі кездесу жайлы емес, сол іс-шараға дайындық барысында біз көз жеткізген көптеген ғажайып сәйкестіктер. Өздеріңіз білетіндей 2015 жылдың қыркүйек айында қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов аспан әлемін бағындырды. Ал Тоқтар ағамыз оған ақ батасын беріп аттандырған еді. Мұқият бақылып қарасақ, қос батырымыздың арасында көптеген ұқсастықтар бар екен. Назарларыңызға қазақтың қос ғарышкері жайлы сол фактілерді ұсынайық.

Олардың екеуі де бір айда, бір күнде дүниеге келген екен. Туған күндері - 27 шілде. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылдың, Айдын Айымбетов 1972 жылдың жазында дүние есігін ашқан. Жұлдызнама белгілері - аң патшасы - арыстан. Айтпақшы, астрология ғылымында бір күнде туған адамдарды "Жұлдызды егіздер" деп атайды. Ғалымдар олардың өмірлерінде, мінездерінде ұқсастықтар болатынын да жоққа шығармайды.

Негізгі кейіпкерлерімізге қайта оралайық. Қос ғарышкер арасындағы екінші ұқсастық: Тоқтар Оңғарбайұлы да, Айдын Ақанұлы да бір оқу орнының - "Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің" түлектері. Тоқтар Әубәкіров 1969 жылы, ал Айдын Айымбетов 1993 жылы оқуды аяқтаған. Арасы - 24 жыл. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы ұшса, Айдын Айымбетов 2015 жылы көкке көтерілді. Арасы - 24 жыл. Бұл - олардың өміріндегі үшінші сәйкестік. Қызық емес пе?!

Төртінші сәйкестік: Тұңғыш ғарышкер 2 қазан күні, ал Айдын ағамыз 2 қыркүйек күні ғарыш сапарына аттанды. Күнтізбеге қарасаңыз екеуі де аптаның сәтті сәрсенбісіне тура келеді екен.

Соңғы және ең қызық сәйкестік: Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқандағы командирі - Александ Волков болатын. Ал Айдын Айымбетовтың командирі Александр Волковтың ұлы - Сергей Волков!

Мұның барлығын жай кездейсоқ сәйкестік дерсіз, дегенмен мықты тұлғалар арасында біз түсіне бермейтін құпия ұқсастықтар болатыны шындыққа жанасатын сияқты. Осы фактілердің барлығын Тоқтар Әубәкіровпен өткен кездесу барысында өзіне айтып бергенімізде, ол кісі таң-тамаша қалған. Содан кейін біз "Осыншама ұқсастық болатындай Айдын Айымбетов екеуіңіздің араңызда қандай байланыс бар?" деп сұрағанымызда, ол кісі: "Айдын - менің балам!" - деп әзілдеген еді.

Расында қазақтың батырлары өз ізбасарларына осылай қамқорлық жасап, қолдап жүргені өте жарасымды емес пе?!

                                                                                                                               Абай Сейфуллаұлы,
                                                                                                           Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті,
                                                                                                       "Тұлғатану" қоғамдық жобасының жетекшісі
нравится:    1344
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии