24 Ноябрь
00:47
Астана: -9 °C
Алматы: -3 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Кербез
17 ақпан 15:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Табиғи балды жасанды балдан ажырату

Бал – әлемдегі ең тәтті тағамдардың бірі әрі пайдасы да шаш етектен асады. Қалауын тауып қолдана білсе, көптеген ауруға шипа болады. Алайда денсаулыққа пайдасы тиюі үшін мейлінше табиғи түрін тауып таңдау қажет. Дүкенде сатылатын балдың қаптамасында көбінде «табиғи бал» деп жазылады. Ал шынтуайтында табиғи ма, жасанды ма – қалай ажыратамыз?

Қаптамасында құрамы жазылып тұрса, мына мөлшерге көңіл бөліңіз: су – 20 пайыздан артық болмауы тиіс; қант – 5 пайыздан артық емес; жалпы қышқылдық – 5 пайыздан артық емес.

Көшеде, жол бойында сататын балды алмаған дұрыс, себебі бал зиянды токсиндерді тез қабылдайды.

Сатушы балдың табиғи екеніне барынша сендірді дейік, сатып алғаннан кейін үйде сынап көргіңіз келсе, кішкене бөлігін алып, ыдыстағы суға салыңыз. Егер бал шынында да табиғи болса, ұяшықтағы қалпындай алтыбұрышты пішінге келуі тиіс. Нағыз балда құдды ДНК құрылысы секілді ұяшықтағы қалпы қашанда сақталып қалады, суға салған кезде көз алдыңызда көрініс береді. 

massaget.kz
нравится:    1561
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии