25 Апрель
06:48
Астана: 5 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 325.80
EUR/KZT: 397.83
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.69
Экономика
20 қаңтар 13:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Табыс салығы мен зейнетақы жарнасына жалақының қанша пайызы ұсталады?
Ресми жұмыс істейтін кез келген адамның айлығынан (оклад) негізгі екі шегерім жасалады: зейнетақы жарнасы және жеке табыс салығы (индивидуальный подоходный налог). Екеуі де 10 пайыздан. Осы екеуі шегерілгеннен кейін қалған ақшаны қолыңызға аласыз. Бұл жалпылама ереже. Ал шын мәнінде жеке табыс салығын есептеуде ескерілетін ережелер, жеңілдіктер көп. Біле жүргеніңіз өзіңізге жақсы.



Мысал үшін айлығыңыз (оклад) 170 мың болса оның 10 пайызы, яғни, 17 мың ай сайынғы міндетті зейнетақы жарнасына аударылады. Бұдан 153 мың теңге қалады. Енді жеке табыс салығын есептеу үшін жаңағы зейнетақы жарнасын шегергеннен кейін қалған қаражаттан еліміздегі ең төменгі еңбекақы мөлшері шегеріледі. Биылғы ең төменгі еңбекақы мөлшері елімізде 28 284 теңге болып бекітілді.

170 000 – 17 000 = 153 000 тг.

153 000 – 28 284 = 124 716

Осы қалған сомаға енді табыс салығы салынады.

124 716 - 10% = 112 244 тг.

Бірақ жоғарыда шегерген 28 284 теңгені айлықпен бірге қолыңызға аласыз. Тек бұл сомаға салық салынбайды. Яғни жалпы айлықтың (оклад) зейнетақы жарнасына кететін 10 пайызы мен ең төменгі еңбекақы сомасына табыс салығы салынбайды.
112 244 + 28 284 = 140 528 теңге. Міне бұл сіздің ай сайын қолыңызға алатын айлығыңыз.

Бұл арада тағы бір мәселе бар. Мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған бала асырап алғандарға жеке табыс салығына қатысты жеңілдік көп. Олардың қолына алатын айлығы басқаларға қарағанда көбірек болады. Бұлар әр адамның жағдайына байланысты жеке есептеледі. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы үй алғандар үшін де жеке табыс салығында жеңілдік бар. Ай сайын баннке төлеп жатқан несиеңіздегі сыйақы сомасын салық салынатын еңбекақыңыздан шегертіп, табыс салығын азайта аласыз. Ол үшін жұмыс орнына банкпен жасасқан келісімшарт пен несиені өтеу кестесін апаруыңыз керек. Бұның бәрін банктегілердің де, бухгалтериядағылардың да айтып отыруға уақыты бола бермейді. Сондықтан бухгалтерияға өзіңіз барып, есептеткен абзал. Ақпарат беруге олар міндетті. 
нравится:    493
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии