Кербез
14 маусым 11:22
Табысқа жеткен тұйық адамдардың 10 әдеті
Тұйық, сабырлы, ұстамды адамдардың арасында таланттылары көп. Олар айтар сөзін алдымен ойлап, жасар ісін жоспарлап алады. Олар өзгелермен араласу білмейді деген жаңсақ түсінік. Олар бар энергиясын өз іштерінде жинайды және өзгелерден ештеңе талап етпейді.

 
 
1. Олар секірмес бұрын қарап алады 
Міндетті түрде жоспар жасайды, шешім қабылдамас бұрын әр нәрсені жан-жақты ойластырып алады.
  
2. Олар терең, мәнді қарым-қатынас құрады 
Олар өзгелермен берік қарым-қатынас құрады. Өзгелер оларға сенеді. Олардан үлгі алуға тырысады.
 
3. Олар тәуелсіз жұмыс істей алады 
Командамен жұмыс істейтін олар өз күшіне сеніп жиі әрекет етеді. Сол себепті де кәсіби ортада олардың бағасы биік болады.

4. Құнды заттар үшін уақыт табады 
Олар уақыт бөлуге тұратын заттарды жақсы ажыратады. Бұл қабілеті оларға кейін жақсы жетістікке жетуге жол ашады.

5. Олар шешен
Олар тұйық болғанымен үлкен аудиторияның алдында керемет сөйлей алады. Мәселен Барак Обаманы тұйық дейді. Және осы қабілеті оған көп дүниеде көмектескен.

6. Олар командалық орта құруға ықпал етеді
Олар топтарда жақсвы жұмыс істейді. Себебі жақсы тыңдаушылар.
 
7. Олар өз эмоциясын бақылауда ұстай алады 
Олар басындағы проблемасын жария шешпейді. Бар ойын іште сақтап, жалғыздықта шешеді. Эмоцияларын жұртқа көрсетпейді.

8. Олар тәуекелшіл
Олар өзгелердің не істеп, не қойып жүргеніне қатты бас қатырмайды. Есесіне жаңа жобаларды, жаңа дүниелерді жасауға құмар. Бұл жолда тәуекелге де бара алады. Бұған мысал ретінде Марк Цукербергті айтуға болады.
 
9. Олар қай кезде нүкте қою керектігін біледі
Олар өз қажеттіліктерін сезеді. Олар жаңа белестерге қол созуы мүмкін, бірақ өздерін бақылаудан шығармайды. Егер олар барлық күші мен ресурсын тауысқандарын білсе тоқтайтын жерді біледі.
 
10. Олар өз бақытын өздері жасайды
Бақытты өзгелерден іздесеңіз оны табу, бақытты болу қиын. Тұйық адамдар өз бақытын өздері жасайды.

Дереккөз: Новое время

Комментарии




Яндекс.Метрика