|    |  
27 мамыр 2019
04:29
қаз
Табысты адамдар демалысты қалай өткізеді?
01 сәуір 2019, 14:34 108



1. Олар ең алдымен жоспарлайды
Табысты адамдар демалысты алдын-ала ойластырып қояды, себебі олар үшін бұл сирек кездесіп тұратын мүмкіндік.

2. Олар оқу/жұмыс пен демалыстың ара-жігін нақты анықтап алады
Демалысты бүлдірудің қажеті жоқ — егер бір істі жасау керек болса оған нақтылы түрде бір күн арнап, осындай-осындай уақытта жасайтыныңды анықтап қой.

3. Олар шекараны қояды
Белгілі бір себептермен мазаламас үшін алдын-ала ескерту қажет.

4. Демалыс алдында барлық істерін ретке келтіріп қояды
Егер оқуда/дайындықта/жұмыста бітпей қалған істер болса, демалыста дұрыстап демалу қиын. Егер ертерек не өз уақытында істеп қойсаң, босқа алаңдамайтын боласың.

5. Бас тарту керек дүние болса бас тартады
Көпшілік адам демалысты ұялы телефонсыз елестете алмайды. Ал табысты адамдар демалыста ұялы телефондарын мүлде өшіріп, ақпараттық технологиялардан тыс барынша тынығуды жөн көреді. 

6. Олар жақын туыстары мен достарымен көріседі
Жақындармен көрісіп, әңгімелесіп, хал-жағдайын сұрасқанға не жетсін? Жазға қарай оларда бос уақыт болмауы мүмкін, сондықтан қысқы демалысты барынша пайдалану керек.

7. Тұрақты түрде физикалық жаттығу жасайды
Сылтау іздеудің қажеті жоқ. Мереке, демалыс күндері шектен тыс тамақтанатынымыз бұрыннан белгілі, сондықтан денсаулықты сау күйінде ұстап тұру үшін жаттығу жасап тұру маңызды. Кейінге қалдырылған жаттығу ақыр соңы көңіл-күйге, денсаулық халіне әсер етеді, ал демалыс уақытында өзіңді максимум сезінгің келеді — моральдық, физикалық тұрғыда да.

8. Олар өзіне ұнайтын іспен айналысады
Сурет салу, кітап оқу, спорт, тілдер үйрену, паркур, скейтбординг, дайвинг, альпинизм және алуан түрлі хобби түрлері.

9. Олар табиғатқа шығады
Демалыс уақыты таза ауада тынығуға керемет мүмкіндік. Күйбең тіршіліктен алыстап, әлемге басқа қырынан зер салуға көмектеседі.


Жаңалықтар