22 Август
15:03
Астана: 27 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
1 қазан 18:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Табысты адамның өзгелерден айырмашылығы қандай?
Біздің бүгін жасаған әрбір әрекетіміз – болашағымыздың айнасы. Егер болашағыңыздың жарқын болғанын қаласаңыз, күнделікті қайталанатын әдеттеріңізге өзгеріс енгізіңіз. Бастапқыда қатты қиналуыңыз мүмкін. Алайда уақыт өте келе келетін күш-қуат сізге жеңістің дәмін сездіреді.


Көшбасшының әдеттерін қайталау арқылы өмірге деген көзқарасыңызды өзгертесіз. Үлкен қиындықтар аяқ астында жатқан тастай болып көрінеді. Оларды оп-оңай аттап өтетін боласыз. Оларды өз салаңызда жеңіске жету үшін пайдаланыңыз.

Табыссыз адамдардың әдеттері:

– әрекетті ойланбай жасау;

– барлығын білемін деп ойлау;

– өзгелерді орнына қоюға тырысу;

– оқудан бас тарту;

– көп сөйлеп, аз тыңдау;

– өзгелерді айыптау;

– негативті нәрселерді жасап, негативке толы нәрселер айту;

– өкіну;

– ашулану;

– қиындықтардан қашу;

– мақсат қоймау;

– сын айту;

– уақытты босқа шығындау;

– оңай берілу;

– ақпаратты жасыру;

– өзгелер жеңіліс табады деп үміттену.

Табысты адамдардың әдеттері:

– өзгелердің қателігінен сабақ алу;

– үнемі алға жылжу;

– өмірге құштар болу;

– жұмыстан ләззат алу;

– күнделікті кітап оқып, жаңа бірнәрсе үйрену;

– нар-тәуекелге бару;

– қиындықтардың шешімін табу;

– қарапайым болу;

– ақпаратпен бөлісу;

– өзгелерге қуаныш сыйлау;

– кешіру;

– идеялармен бөлісу;

– өзгеріске дайын болу;

– ақылды адамдардың жанында жүру;

– өмірдің барлық арнасында баланс сақтау;

– мақсат қою;

– болашақ туралы ойлау;

– өзгелерге қошемет сөз айту;

– істелуі тиіс жұмыстардың тізімін жасау;

– өзінің өмірге келгендегі мақсатын білу;

– өзгелерге табыс тілеу;

– жауапкершілікті мойынға алу.

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    741
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии