Спорт
8 шілде 16:23
Тағы бір қазақ кәсіпқой боксшысы қарсыласын нокаундпен ұтты

Бүгін тағы бір отандасымыз Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол Канаданың Квебек қаласында өткен айқаста жергілікті боксшы Родси Винсентпен жұдырықтасып, қарсыласын үшінші раундта нокаундқа түсірді.
 
Биыл 25 жасқа толып отырған жерлесіміздің бұл кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегі және екінші жеңісі. Ол бұған дейін қытайлық Хэ Жанды нокаутпен ұтқан болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, осыдан шамалы уақыт бұрын тағы бір отандасымыз Батыр Жүкембаев та осы бокс кешінде мексикалық Рэнди Лосанға қарсы рингке шығып қарсыласын уақытынан бұрын жеңгені туралы жазған болатынбыз.
 
Дереккөз: ҚазАқпарат

Комментарии




Яндекс.Метрика