22 Август
22:50
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
13 шілде 18:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тағы бір кино маманы Мәдениет министрлігіндегі жемқорлық жайында айтты


Анимациялық кино қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев режиссер Талғат Жәнібековті қолдайтынын айтып, Қазақстан киноиндустриясындағы жемқорлық жайында айтып берді. 

«Жемқорлық – өндіруші, яғни бұл жайғдайда "Қазақфильм" Мәдениет және спорт министрлігі атынан қаражатты кімге беру керек екенін шешуі. Бұл бұрыннан қалыптасқан жүйе. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 2 миллион долларды шымкенттік анимациялық студияға бере салды. Менің шымкенттіктерге ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ, ол жақта арнайы білімі бар маман жоқ, мектеп қалыптаспаған. Өздігімен үйреніп алған мамандар жұмыс істейді. Байқау неге жүргізілмеді? Ұсыныстар қайда? Тіпті, "Көшпенділерді" түсіретін кезде де режиссер Тимур Бекмамбетов өз трейлерін ұсынған көрінеді. Бірақ, оны тыңдар құлақ болмаған»,— дейді Ғ.Мырзашев.

Кино маманының айтуынша, мұндай жемқорлық жүйемен ол жиі бетпе-бет келеді екен. Қазір Мырзашев қазақстандық мультфильмдерді халықаралық деңгейге алып шығумен айналысып келеді.

«Мен мемлекеттің қолдауына мұқтаж емеспін. Өйткені, коррупция біздің жобаларды өлтіріп бітеді. Мен сарапшылар кеңесінің құрамында болғанмын. Сарапшылар кеңесі бола тұра, оның пікіріне құлақ аспаса – жемқорлық деген осы»,— деп атап өтті Ғали Мырзашев.

Ол өзінің әріптесі, режиссер Талғат Жәнібековті қолдайтынын, министрліктегі жемқорлық туралы айтқан пікіріне қосылатынын жеткізді.

«Жемқорлықтың да түр-түрі болады. Талғат өзінің нұсқасын айтты. Мен, өкінішке қарай, "Қазақфильмнен" үлкен жобалар алып істеп көрмеппін. Сондықтан, мен оны қолдаймын. Егер режиссер мәселені көтерсе, біз әрі қарай жалғауымыз керек. Жер реформасындағыдай кинематография саласы бойынша комиссия құрып, жұмыс істеу керек, халық бәрін ашық білуі тиіс»,— деген қауымдастық президенті.

Дереккөз: sn.kz
нравится:    635
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии