14 Декабрь
06:21
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
18 тамыз 09:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Таиланд астанасы Бангкокта жарылыс болды
Таиланд астанасы Бангкокта жарылыс болды. Жойқын жарылыс қаланың туристік бөлігіндегі Ратчапрасонг қиылысында тұрған сауда үйі мен ғибадатхана жанында болды.



Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарылыс салдарынан 27 адам қаза тапты. Оның ішінде 4-еуі шетелдік азаматтар. Тағы 80 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеуде. Әзірге полиция мотоцикл немесе автомобильдің жарылғандығы туралы нақты айта алмай отыр. Таиланд телевизиясы бұл лаңкестік шабуыл болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. 



Оқиға орны әлі де қоршауда тұр.  Билік шешімімен Бангкокта барлық мектептер жабылды, алайда банктер мен мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатпады.



Таиландтың қорғаныс министрі Таиландтың ұлттық туристік және экономикалық бизнесіне нұқсан келтіру мақсаттарында жасалған деп хабарлады. Зардап шеккендердің басым бөлігі Бангкокке Қытайдан келген туристер.

Дереккөзі: dni.ru
нравится:    1076
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии