21 Август
12:25
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
14 қазан 16:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Таиланд халқы бір жыл бойына аза тұтатын болады (ФОТО/ВИДЕО)



Таиланд халқы корольдің қазасына байланысты жыл бойы аза тұтатын болады.

Таиландты 70 жыл бойы басқарған Пхумипон Адульядет кеше 88 жасында ұзақ жылға созылған науқастан кейін ауруханада көз жұмған болатын. Ол - әлемде тақта ең ұзақ отырған монарх болып табылады.



Бүгін Үкімет қабылдаған бұйрыққа сәйкес, 14 қазан корольдік аумағында демалыс күні болып жарияланды. Осыған байланысты Таиланд халқы елдің басты алаңдарында бас қосып, корольдің қазасын аза тұтуда.

Алдағы уақытта Корольдік туы бір ай бойына төмен түсірілетін болады, ал мемлекеттік қызметкерлер бір жыл қара киім киюге міндеттелді.



Үкімет басшысы Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күн бойы көңіл көтеру шараларынан бас тартуға шақырды.

Қазіргі сәтте елдегі барлық ұлттық телеарналар корольдің өмірі туралы деректі фильмдер көрсетіп жатыр.









Дереккөзі: шетелдік БАҚ
 
нравится:    812
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии