26 Сентябрь
09:37
Астана: 2 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
14 қаңтар 15:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Таиландта бір бойжеткен өлген адамға күйеуге тиді
​Таиландта бір бойжеткен өзінің сөз байласып жүрген жігітіне ол өліп қалғаннан кейін күйеуге шықты. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.



Мұны қалың жұртшылыққа Нан Тхиппхарат есімді қыз осы сәттерден түсірілген рәсімдерін өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялап, соңына мұны «өз өміріндегі ең бақытты оқиға» деп бағалап жазуы арқылы жеткізді. Бірақ әлеуметтік желіні пайдаланушылардың барлығы бірдей қияли қыздың бұл «қуанышына ортақтастық» білдіре қойған жоқ.

«Қалыңдықтың» айтуына қарағанда, некеге тұру сәті «өз өміріндегі барлық сүйіспеншілігі» әсерімен өткен, «жас жұбайлардың» мәңгі бірге болуларына өлімнің өзі кедергі келтіре алмаған. Сонымен бірге, «жас қалыңдық» өздерінің бұл өзгеше «үйлену тойларына» берген бағаны: «Мен осы үйлену тойын қатты армандадым. Біз екеуміздің қол ұстасып келе жатқанымызды талай рет көз алдыма келтіріп көрдім. Енді алаңсыз дамылдап жат. Мен сені сүйемін, Фиат. Біздің арманымыз осылай орындалғанын біліп жүр», – деп білдіреді.

Фиат есімді жас жігіттің кенеттен болған өлімі оның барлық туған-туыстары мен жақындары үшін нағыз ауыр соққы болды. Себебі, ол ешқандай аурумен ауырмайтын еді. Алайда, жас жігіт аяқ астынан болған жүрек талмасынан кетіп қалды.

«Бұл менің осы өмірдегі жасаған тірлігімнің бір тәсілі еді. Ал келешекте мәңгі бірге болатынымызға сенемін, – деп жазды қыз. – Мен оны жүрегіммен сүйдім, сондықтан оны менен алып кеткеніне келісе алмадым. Үйлену тойы күні ол ғажап болып жатты. Мен мұның оған ұнағанын білемін».

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1168
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии