12 Декабрь
01:10
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
2 қараша 15:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Тақиялы періште» 80 жасын тойлады
Жер жәннаты Жетісу төрінде ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбековтің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.Бұл туралы «Ақжол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.



Шәкен Аймановтың әйгілі «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ образымен қалың көрерменнің сүйіктісіне айналған Әлімғазы Райымбеков туралы: «Сол «періште» қалпымен бар қазақтың жүрегінен орын тепкен адам.  Ол - тірі пендеге қиянат жасамаған! Ол - адамдардың барлығына күліп қарайды! Оның көңілі - әлі сәби қалпындай таза! Ол сондықтан да әдемі қартайды», - дейді оның мерейтойына жиналғандар.
Кәсіби актер болмаса да бір ғана фильмдегі образымен артына аңыз қалдырған азаматтың ел алдындағы абыройы тым асқақ. Ұзын саны 13 фильмге түскен Әлімғазы Райымбековтің әрбір образынан оның жүрек түкпірінде жатқан тектілік пен тазалықты аңғару қиын емес.  Халқы «Тақиялы періште» деп атап кеткен құрметті азаматтың 80 жылдық мерейтойына «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев арнайы келіп, ел сыйлаған азаматқа  құрмет көрсетіп, ат мінгізді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    727
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии