12 Декабрь
01:11
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
27 шілде 15:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Тақиялы періште» фильмінің жалғасы түсіріледі
Әйгілі Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» туындысы жалғасын табады. Алматы облысында жуырда «Тақиялы періште – 2» толықметражды фильмінің түсірілімі басталмақ.



Көркем туынды барысында үш ұрпақ, яғни ата, әке, немере арасындағы байланыс өте жақсы, ашық көрсетіліп, оқиға барысында бәрінің тұлғалары әр түрлі қырдан ашылған.

Фильмнің тағы бір ерекше, болашақ ұрпаққа үлкен бір ой тастар оқиғасы — бүгінгі ана тілінің ахуалы. Тілге жанашыр жастар арқылы ұлттық рух — ана тілімізді құрмет тұтуды үлгі етеді. Лирикалық комедияның тағы бір ұтымды тұсы — қазақ баласы негр қызын, қытай қызын жар етіп алуды басты мақсат етпей, ермек, ойын ретінде көрсетуі — ой желісінің жымдасып, астарлы өрілгенінің айғағы.

Туындының авторы жалпы қазаққа түсінікті, жалпақ тілмен үн қатады. Шытырман, әуресі көп, думанға толы қала өмірі мен бауырмал, ақжарқын, көпшіл, жатсынуды білмейтін, үйінен қонағы арылмайтын, қаймағы бұзылмаған қазақ отбасы тіршілігін қатар алып суреттейді.

Айта кетсек, аты аңызға айналған фильмнің жалғасында «Тақиялы періштеде» басты рольді сомдаған Әлімғазы Райымбеков та ойнайды.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    1086
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии