Әлем жаңалықтары
7 сәуір 13:30
Таланттар шоуына қатысушы трюк кезінде есінен танып қала жаздады



Шри-Ланка тұрғыны талантар шоуына қатысып, елді таң қалдырмақ болып қауіпті трюктер жасау кезінде есінен танып қала жаздады.

Қалың шиферді басымен ұрып жармақ болған ол ауыр соққыдан еденге құлап түсіп, біраз уақыт есеңгіреп жатып қалды. Көмекшілері орнынан көтеріп тұрғызғаннан кейін ол өз өнерін паш етуді жалғастырмақ болды. Алайда қазылар алқасының мүшелері оны тоқтатып, алға қойған мақсатына жетуге деген құлшынысына жоғары баға берді. Қазылар алқасының екі мүшесі оған алдағы уақытта өте мұқяит және абай болуын ескертіп, екінші раундқа өтуіне рұқсат етті.

Ал қойылым кезінде қызыл түймешені басқан актер Джексон Энтони өзінің қателескенін мойындап, сахнаға шығып көрермендердің қолдауымен «иә» деп қатты дауыстап, жауынгерлік өнер шеберінің қолын көтеріп, қолпаштады.




Дереккөзі: 120.su

Комментарии




Яндекс.Метрика