23 Август
02:54
Астана: 17 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
25 шілде 16:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Талапкерлер үшін 31 702 білім гранты бөлінді


2016 жылы жоғары білімді мамандарды дайындау үшін мемлекет тарапынан 31 702 тапсырыс түсіп отыр. Бұдан басқа сырттай бөлімдер үшін 300, жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне 2 500, ЖОО тілдік дайындық бөлімдері үшін 450 грант бөлінген.

Мұның ішінде педагогикалық мамандықтар үшін 5000, гуманитарлық ғылымға – 700, құқық саласына – 100, өнерге – 170, әлеуметтік ғылымдарға – 700, жаратылыстану ғылымдары бойынша – 1470, техникалық ғылымдар және технологиялар үшін – 12593, әскери іс және қауіпсіздікке – 60, медициналық мамандықтарға – 3000, ауыл шаруашылығы және ветеринарияға – 2690 грант қарастырылған.

Білім және ғылым министрлігі тарапы магистр мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі 7429 орынға, бейінді магистратураға 3000 орынды құрағанын мәлімдеді.

PhD докторантура бойынша мемлекеттік тапсырыс 628 орынды құраса, оның 43 орыны Назарбаев Университетіне бөлінді.

Тапсырыстың ішінде 3 162 грант Серпін-2050 жобасы бойынша «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» бағдарламасына бөлінген. Сондай-ақ, 1000 грант – педагогикалық, 1717 – техникалық, 345 – ауыл шаруашылығы және 100 орын медициналық мамандықтар үшін арнайы қарастырылып отыр.
нравится:    660
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии