17 Декабрь
12:19
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
28 наурыз 14:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Талдықорғанда дүкен тонамақ болған бойжеткендер ұсталды



Наурыздың 26-нан 27-не қараған түні, Талдықорғанның Үйтас ықшамауданындағы бір дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды деп хабарлайды, Алматы облыстық ІІД.

Құзырлы орынның мәлімдеуінше, аталмыш қылмысты біреуі — 16, екіншісі — 17 жастағы екі бойжеткен жасады деген күдік бар. Қыздардың екеуі де жақсы отбасынан шыққан.

“Ұсталған қыздар “мұндай қылмысқа балалықпен бардық,” -деп, куәлік беріп отыр. Екеуі әлеуметтік желі арқылы танысып, бұл іске ұзақ уақыт дайындалған: оқшау тұрған дүкен іздеген, бетперде дайындаған, түнгі уақытты таңдаған, т.б” — деп хабарлайды полиция қызметкерлері.

Қос бойжеткен пышақ, кірпішпен қаруланып, дүкенге баса-көктеп кірген де, дүкеншіні қорқытып, саудадан түскен ақшаны тартып алмақшы болған. Сол сәтте қоймада жүрген дүкеннің иесі, шуды естіп, жүгіріп шығады да, екі қызды ұстап, тәртіп сақшыларын шақырады. 

ҚР ҚК 192-бабының 2-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу ісімен Талдықорған қалалық ІІБ айналысуда. Ұсталған қыздар, жастары кәмелетке толмағандықтан, тергеу аяқталғанша ата-аналарының кепілдігінде берілді.
нравится:    816
Теги: Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии