23 Август
21:38
Астана: 23 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Мәдениет
30 маусым 16:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Талғат Жорабаев келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды
Бүгін Алматыда әнші Талғат келіншегі Аяулым мен ұлын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды.


 
Әнші жігіт екінші ұлына туыстарымен ақылдаса отырып Әбубәкір деген есім беріпті.


 
«Бізде Ибрахим, Әбубәкір,Исмаил деген нұсқалар болатын. Нағашы апасы Әбубәкір деген есімді таңдапты. Өзімізге өте ұнап отыр. Үлкенімді Әбумансұр деп атаған едік. Енді Әбубәкір, екеуінің есімдері ұқсас. Қуанышымда шек жоқ»,-дейді Талғат Жорабаев.


 
Әнші жігіт өзіне екінші мәрте ұл сыйлаған жарының көптен күткен арманын орындамақшы.


 
«Аяулымның көптен күткен арманы Алматыдан үй алу. Бүгінге енді құжаттарды дайындап үлгермедім. Негізі алдық деп есептей беруге болады. Ұл сыйлаған жарыма үй сыйлаймын»,-деді Талғат Жорабаев.


 
Қазір танымал адамдар арасында перзентханадан сүйіктісі мен баласын салтанатты түрде шығарып алу сәнге айналған сыңайлы. Бірақ, Талғат ондай дайындықты әдейі ұйымдастырмағанын айтады.
 


«Ондай аса жұрттың назарын аударып, дүрліккенді ұнатпаймын. Әпкем Алтынай сыйлаған көлікті жасаттым. Сонымен үйімізге аман-сау жетіп алсақ болды. Қасымдағы достарым қолдау көрсету мақсатында жиналды. Оларға рақметімді айтамын»,-деп қысқа қайырды Жорабаев.


 
Дереккөз: Stan.kz
 
нравится:    114
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии