23 Июль
23:17
Астана: 11 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 345.68
EUR/KZT: 404.45
RUB/KZT: 5.48
CNY/KZT: 50.91
Әлем жаңалықтары
18 маусым 15:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тамақтану, ген және артық салмақтың тағы да 5 түрлі себебі
Көктемде және жазда артық салмақтан арылу туралы ой бірқатар әйелдер мен еркектерді мазалайтыны белгілі. Арықтауды бастамас бұрын ең алдымен май тіндерінің не екендігін, оның ағза үшін атқаратын рөлі және артық салмақтың қай кезде артық болып есептелетіндігін түсініп алған дұрыс. Бәлкім сіз салмақтың өсуіне жол беретін белгілі бір себепті анықтап қаларсыз және ол әрқашан тамақтануға да байланысты емес.



Май тіндері — әрі пайдалы әрі зиянды

Семіздік туғанға дейін қалыптасып жатады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы семіздікке шалдыққан балалар санының өсіп бара жатқандығын айтып, дабыл қағуда. Егер 1990 жылы олардың саны 4,2 пайызды құраса,  2010 жылы — 6,7 пайызды, ал жорамал бойынша — 2020 жылы олардың саны 11,7 пайызға жетуі мүмкін.

Семіздіктің келесі деңгейлері байқалады:

1-деңгей — субъект салмағы қалыпты деңгейден 10–29 пайызға артық;
2-деңгей — субъект салмағы қалыпты деңгейден 30–49 пайызға артық;
3-деңгей — субъект салмағы қалыпты деңгейден 50–99 пайызға артық;

4-деңгей — субъект салмағы қалыпты деңгейден 100 пайызға артық.Егер бұрынырақта артық салмақ мәселесі әйел адамдарды қызықтырса, енді бұл тақырып ерлердің де назарынан тыс қалып жатқан жоқ (массаж қабылдау, пластикалық оталар).

Фатофобия — артық салмақ қорқынышы — әлеуметтік пікірді қабылдау түрі. Бастауыш сыныптарының өзінде балаларда томпақ сыныптастарын «жалқау» санатына жатқызу қалыптасқан. Бұл жағдай ересек адамдарда да бар: артық салмағы бар адамның жоғары санатты колледждерде оқу, жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігі аз, оларда өзін-өзі бағалау өте төмен деңгейде, нәтижесінде бұл өмір сүру сапасын төмендететіні де белгілі.

Әйел затына дәл осы артық май тіндері жаман көңіл күйдің болмауына көмектеседі, олар күйзеліске аз ұшырайды. Бұл көп жағдайда тіндегі эстроген гормонына тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Артық салмақтың 7 себебі

Ендігі кезекте артық салмақтың пайда болуы себептеріне үңіліп көрелік. Бірінші кезекте артық салмақ – тамақты шамадан тыс жеумен тікелей байланысты. Сондай-ақ семіздік мидың бір бөлігінің – гипоталамустың дұрыс жұмыс жасамауы салдарынан да болуы мүмкін. Бұл май жасушаларының көлемінің ұлғаюына түрткі болады және олардың санының көбеюіне әкеледі.

Соңғы қалыптасқан теорияларға сәйкес семіздіктің сыры – сәби кезде тоя тамақтандыру, есесіне ағзаның құрамында майы бар өнімдерді қорыту мүмкіншілігінің аздық етуі. Көпшілік жағдайда майдың қордаланып жинақталуына тамақтану мен майды энергетикалық тұрғыда жұмсаумен тікелей байланысты.

Семіздік Ad 36 және Ad 37 аденовирустарының әсерінен туындайды деген көзқарас белең алуда. Семіздікке шалдыққан әр екінші адам ағзадағы инсулинді реттейтін гендік мутациямен де тығыз байланысты. Бұл гормоналдық құралдың байланысын кеңейтіп, глюкозаның көбеюіне әкеледі, бұл уақыт өте келе майға айналады. Бүгінгі таңда семіздіктің дамуында ерекше рөл атқаратын 360 ген анықталып отыр.

Сонымен қатар артық салмақтың жинақталуына дене белсенділігінің болмауы да әсер етеді. Сондай-ақ семіздіктің пайда болуына мал өнімдерін, атап айтқанда сары май, майлы ет, ұннан жасалған тағамдар мен кондитерлік өнімдерді, қант, картоп және алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс пайдалану жағдай жасайды.

Байқалатын килограмдар жылдар бойы жиналып жатады, нәтижесінде ішкі дене мүшелерінің қабырғаларында май қабаттары қалыптасады. Мұндай іш майы ер адамдарда жалпы майдың 50 пайызын құраса, әйел адамдарда орташа есеппен алғанда 70 пайызын құрайды.

Гиноидті деп аталатын май (әйелдерге тән) жүктілік кезіндегі энергетикалық резерв кезінде және емізу кезінде жинақталады. Әйел адам денеде 12–14 килограмм майдың дәл осы түрі жинақталмай, жыныстық жетілмейді екен. Қарап отырсақ, әйел ағзасында артық майдың болуы биологиялық қалыпты заңдылық секілді. Егер әйел майдың белгілі бір мөшерін жоғалтса (шамамен 15 пайызын), бала туа алмайды және етеккірі тоқтайды. Міне, сондықтан да әйел адамның ағзасында май үлесінің кем дегенде 22 пайызы болғаны дұрыс.

Семіздік және денсаулық үшін қауіп

Семіздіктің ағза үшін ауру екенін мойындау керек. Май тіндерінің жиналуының екі негізті түрі анықталып отыр:
Гиноидті (әйел типі бойынша) түр әйел адамдарға тән және бірінші кезекте іш пен бөксеге жиналатын майдың болуымен ерекшеленеді. Мұндай сипат ер адамдарға тән болса, бедеулікке немесе жыныстық қызметтің төмендеуіне әкеледі.
Андроидты (ер типі бойынша) түр көбінесе ер адамдарда кездеседі және дененің қарын, қолтық бөлігінде қылаң береді.

«Қарны бар» адамдарда инфаркт артық салмағы дененің төменгі бөліктерінде орналасқандағыларға қарағанда өте жиі кездеседі. Бұл бақылау ер адамдарға тән. Америка ғалымдарының пікірінше, семіздік олардың интелектуалды қызметіне кері әсер тигізеді екен (мұндай жағдай әйелдерде байқалмаған).

Әйелдерде дененің үстіңгі жақ бөлігі шамадан тыс толық болса, сусамыр ауруына тым жиі шалдығады екен.
Кез келген жағдайда артық салмақ — зиянды! Екі тарап та семіздіктің тек қана қан тамыр жүйесіне емес, эндокриндік жүйеге, бұлшықет тіндеріне де әсер етіп, патологиялық жағдайлардың тууына себепші болатындығын ұмытпауы керек.
Қазіргі таңда ас та төк тамағы бар жерде ер адамдардың назарын сымбатты бикештер, ал тамақ аз жерде етжеңді қыздар аударатынын ескерген орынды.

Дереккөз: www.7ya.ru
нравится:    81
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии