|    |  
23 сәуір 2019
17:00
қаз
​Тамара Асар арбаға таңылған күндері туралы айтты
09 қаңтар 2019, 15:40 11
Бірнеше жыл бұрын әнші Тамара Асар апатқа түсіп, мүгедектер арбасына таңылған болатын. Сол апатта аяғынан айырылып, бірнеше жыл бойы емделген еді. Бүгінде аяғынан нық тұрған әнші сол күндерін еске алып, желідегі парақшасына сол ұйқысыз күндері туралы жазған.


 
«Мені Анам Жаңақорғанға алғаш алып келгенде кішкентай балғын қыз едім. Денсаулығымның жағдайы мәз емес болатын. Өзім арбада, отыратынмын. Апаттан кейінгі қиындау жағдай былай тұрсын, "ревмотоидный артрит" деген ауру бойыма меңдеп кеткен. Қолым қасық көтере алмайтын,аяғым жер баспақ түгілі, қозғауға келмейтін. Қиялдайтын санам,сайрайтын тілім, ыңылдайтын көмекейдегі дауысым, жәудіреген көзім ғана үміттің отын сөндірмеді. Түнде ыңырсу, күндіз кіржию. Ауру жаныма қатты бататын. Менің анам мықты адам, мені мүгедектікке бой бергізбеді, күрестірді. Сұрады. Сенді. Күтті. Амал жасады. Мені сендірді. Өзі сенді. Біреуге өтірік, біреуге шын арбадан бір аптада түсіп, балдақ ұстадым, келесі аптасында балдақты лақтырып,аяғымды басып жүре бастадым»-дейді әнші.
 

Мені Анам Жаңақорғанға алғаш алып келгенде кішкентай балғын қыз едім. Денсаулығымның жағдайы мәз емес болатын. Өзім арбада, отыратынмын, Апаттан кейінгі қиындау жағдай былай тұрсын, "ревмотоидный артрит" деген ауру бойыма меңдеп кеткен. Қолым қасық көтере алмайтын,аяғым жер баспақ түгілі, қозғауға келмейтін. Қиялдайтын санам,сайрайтын тілім, ыңылдайтын көмекейдегі дауысым, жәудіреген көзім ғана үміттің отын сөндірмеді. Түнде ыңырсу, күндіз кіржию. Ауру жаныма қатты бататын. Менің АНАМ мықты адам, мені мүгедектікке бой бергізбеді, күрестірді!!! Сұрады!!! Сенді!!! Күтті!!! Амал жасады!!! Мені сендірді!!! Өзі сенді!!! Біреуге өтірік,Біреуге шын Арбадан бір аптада түсіп, балдақ ұстадым, келесі аптасында балдақты лақтырып,аяғымды басып жүре бастадым. Содан бері, ЖаңаҚорғанның қасиетті қара балшығы мен суына жыл сайын келемін.(Емнен кейінгі күтіну бөлек әңгіме) Әкемнің төріне келгендей марқайып жылда келем,аяғымды жерге тигізбей күтіп алатын, қоржынымды қыздың дорбасындай толтырып жіберетін, менің екінші "төркінім" ЖАҢАҚОРҒАНДА!!! Шын жүрегіммен Жаңақорған шипажайының басшысы Бақытжан Амангелдіұлы мен Сәуле xанымға, шипажай ұжымына, Гулиге шын жүрегімнен алғыс білдіремін!!! Ерекше ілтипатымды АМАНГЕЛДІ Абдуллаұлына және осы жаққа келуіме себепші болған Сәулебек ағаларыма білдіремін!!! Қасиетті қара балшық талайды қатарға әлі қосады, мен оған сенемін! Себебі мені Тұзды суы араласқан "ҚараБалшықтан" қайта жасап мүсіндеп шығарды Жаратқаным,Әке-Шешем, Жаңақорғаным!!! (шипажай жайындағы видеоларды стористен қараңыздар) @sanatoria_zhanakorgan (Барғыңыз келсе,міндетті түрде дәрігеріңізбен кеңесіңіз☝️☝️)

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар