15 Декабрь
14:04
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Мәдениет
9 қараша 10:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Тамара Асар мен Мәдина Сәдуақасова бірге дуэт құрмақ
Сахнада жүрген жекелеген әншілердің дуэт құрып өнер көрсетуі әншінің жаңа қырын, болмысын ашатыны белгілі. Сондықтан да көптеген әншілер дуэт құрып ән шырқауды жақсы қабылдайды. Жақында қазақстың жезтаңдай әншілері Тамара Асар мен Мәдина Сәдуақасова бір дуэт құрып сахнаға шықпақ.


 
Бұл туралы Тамара Асар өзінің инстаграмдағы парақшасында айтты. «Мәдина Сәдуақасова екеумiз шығармашылық шабыт шақырып, дуэт жазуға...»,- деді.

Қос әнші қалың бұқара шырт ұйқыда жатқан кезде, түнделетіп жұмыс жасап жатты. Мәдина өзінің парақшасында «Сағат  түнгі 01.28. Сіздер тәтті ұйықтап жатқанда, біз Тамара екеуміз студияда»,-деп жазады.



Айта кетейік, Тамара Асар бұрыннан бері дуэт құрып ән айту адамының өсуіне көмектеседі деп есептейді. Ол 2009 жылы «Нұр Астана» газетіне берген сұхбатында «Кез келген әнші шығармашылығына өзгеріс енгізіп, тыңдармандарына жаңалық ұсынуға тырысады. Бұл өнер адамының өсуіне көмектеседі. Алдағы уақытта дуэт құру ойымда бар. «Мына әншіні таңдадым» деп қазір кесіп айта алмаймын. Себебі, шығармашылық ізденіс кезінде түрлі ойлар туындайды. Адамды әруақ қысқан сияқты, жаңа идеялар келіп, бұрынғы жоспарың жүз сексен градусқа өзгеріп шыға келуі ықтимал»,-деген болатын. Тамара ханым өзінің нақты таңдауын жасаған көрінеді.

Кезінде ол белгілі тележүргізуші, марқұм Руслан Бөлебай екеуі жұп құрап, үлкен сахнада ән шырқаған болатын.

Авторы: Абай Айсара 
нравится:    794
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии