24 Сентябрь
00:23
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
17 тамыз 10:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Тамара Асарға әкесі қызғаныш жайлы қандай өсиет айтты?

 
Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына кезекті бір суретін салып, әкесінің қызғаныш жайлы қандай өсиет айтқаны, өзінің қызғаншақтық деген аурудан қалай құтылғаны туралы толғам жазған.
 
«Ауылдағы үй... Әкем төрде. Көзінде көзілдірік, газет оқып отыр. Анам жыбыр-жыбыр, әйтеуір бірнәрсе жасап жүр. Менің ішім күйіп жанып барады. Олар маған мән беріп те отырған жоқ. Мен біресе жүрем, біресе отырамын, мазам жоқ. Шыдай алмай әкеме қарап (әкемді тәте деймін): «ТӘТЕ, мен оны қызғанып бара жатырмын, не істеймін?!»-дедім көзім жасқа толып... Әкем өте асықпайтын, байыппен қозғалатын адам. Газеттің арғы жағынан бетін көре алмай тұрмын. Жәәйлап газеттің төмен түсе бастағанын байқадым. Жүрегім тарс-тарс. «Не айтар екен? Неге айттым? Жындымын ба, әкеме осылай айтқан?» деген ойлар өлтіріп барады... Газет түгелдей төмен түсті, әкем көзілдірігін мұрнының ұшына дейін апарып тіреп қойды да: «Балам есіңде болсын, ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ БІР НЕСІБЕСІ КЕМ БОЛАДЫ, адам қызғанған сайын өз құтын өзі қашырады. Ақылың болса менің осы айтқаным жайында терең ойлан да, шешімді өзің шығар, сосын мәңгі есіңде сақта»-деді. Сонда менің ойыма келгені бірақ нәрсе «БІР НЕСІБЕСІ КЕМ», демек, мен көп қызғансам онымен өтетін күндерім кемиді... Себебі қызғаншақ адамның түрінен де, мінезінен де, сөзінен де, өзінен де қаша бастайды СЕЗГЕН адам... деп шештім. Сол күннен бастап менің ішімдегі «Қызғаншақтық» деген паразит қайтыс болды... Рахат!!! Есесіне мынандай керемет қағидаға келіп маңдайымды тіредім: «Не нәрсе болса да (тізімді өздеріңіз жасай беріңіздер) «Менікі, МАҒАН ғана бұйырады. Себебі ол ЖАРАТҚАННАН келген жарлық...»
 
P.S:  Мен ішкенім мен жегенімді, кигенім мен Сүйгенімді айтып мақтануға ыңғайсызданатын адамдардың бірімін. Дейтұрғанмен пендемін ғой... Арасында үлкен қуаныштарды сіздермен бөлісуге рұқсат болсыншы... «Пендеге СЫЙЛЫҚ АЛЛАДАН келетін НЕСІБЕ, келесі бір СЕБЕПШІ пендесі арқылы». Сондықтан құттықтаған Жандарға да, жаныма тиетін реніш сөз жазған жандарға да сондай СЫЙЛЫҚТЫ нәсіп етсін»-деген әншінің өмірінде қуанышты жаңалықтар бар шығар деп болжадық.
 
 
нравится:    708
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии