|    |  
13 қараша 2019
11:56
қаз
Тандыр самса
01 ақпан 2017, 10:12 67

Бүгінде қонақ шақырғанда, дүкендегі дайын заттарды сатып алып тұтынғаннан гөрі, қолдан жасап, аспаздық шеберлегіңізді таныту сәнді саналады. Қандай дастархан самса секілді қонақтардың сүйсініп жейтін тағамынсыз...? Сонымен, бүгін тандыр самсаның жасалу жолымен таныс болыңыздар!

 Самса  құрамы:

Ұн – 3 стакан
Су – 1 стакан
Тұз – 1 шәйқасық

​Ішіндегі салмасына керегі:

Фарш – 300гр
Қоймайы – 200гр
Пияз – 4 дана
Қара бұрыш – 0,5 шәй қасық

Самса жасау жолы:

Су,тұз, ұн қосып жақсылап қамыр илейміз. Содан қамырымызды жайып арасына май жағамыз да қамырды ораймыз да біраз уақытқа қойып қойыңыз.
Салмасын дайындап аламыз. Фарш пен майды аралстырып, пиязымызды майдалап турап фаршқа салып тұз бен бұрыш қосып жақсылап араластырамыз.
Енді қамырымызды бөліктерге бөліп, жайып ішіне салмасын салып, дөңгелектеп немесе бұрыштап түйеміз ол өз қалауыңызда. Түйіп болған соң тандырға ол болмаса пешке салып пісіреміз. Самсамыз дайын.

Ас дәмді болсын!

http://anabol.kz/damdi-day/1381-tandyr-samsa


Жаңалықтар