|    |  
17 желтоқсан 2018
03:04
қаз
Тәніңіз сөйлейді: 5 қызықты мәлімет
14 наурыз, 12:39 249
Кітапты мұқабасына қарап бағалама дейді бізге. Бірақ сырты бүтін адамның іші тұтін болуы мүмкін екендігін біліп тұрсақ та сырт келбетке мән беруді жалғастыра береміз. Адамды сырт келбетіне қарап қарсы аламыз, бағалап, шығарып саламыз.
Ғалымдардың айтуынша алғашқы көзқарас ол үнемі алдамшы емес. Бірақ өмір қызықтарға толы, кей жағдайда жаңылысып та жатамыз. Осы мақалада біз бес қызықты жайтпен бөліспекпіз. Ал бұл ақпаратты қалай қолдану – өз еркіңізде.


 
Тартымдылық және мейірімділік

Біз қоғамдағы стереотиптерге сәйкес егер тартымды жан көрсек оның бойында  ақылдылық, мейірімділік пен білімділік те қатар көрініс тапқан деген ойға келеміз. Техас университетінің (University of Texas) психолог маманы Дэниел Хамермеш (Daniel Hamermesh) өз зерттеуінде тартымды жандардың басқаларға қарағанда жоғары жалақы алатынын анықтаған. Өйткені жұмыс беруші мұндай жандарға қарап біліктілігіне шек келтірмейді әдетте.

Business Insider-дің берген мәліметтеріне сәйкес ер-студенттерге белгісіз әдемі әйел автордың  суретін көрсетіп, эссесін бағалау ұсынса олар жоғары баға беретін болған. Ал тартымсыз автордың суретін көрсеткен жағдайда бағалау да төмен немесе орташа болған.
 
Суреттегі тұлға
Тек қана суретке қарап мол мағлұмат алу, бағалау өте қиын болғанымен, ол мүмкін жағдай. Мұндай тұжырымды Техас университетінің ғалымдары дәлелдеді. Олар барынша шынайы күліп түскен суреттерді ұсынса да, олардың көзіндегі мұң мен сезімдерін, діндері мен ділдерін бағалаушылардан жасыру мүмкін болмаған.
 
Қуат және агрессия
2013 жылы Лондон университетінде жасалған зерттеу жұмыстарына сәйкес бет пішіні жалпақ, ат жақты ер адамдар тестостеронның жоғары деңгейіне ие. Олар өз кезегінде агрессияға жақын, ішкі сезімдерін тежей алмайды.
 
Қылмыскерлік деңгей
Кейде сенім артқан адамдарымыз үмітті ақтамай, келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Израиль мен Ұлыбританиялық ғалымдар қызықты зерттеу жұмысын жүргізді. Олар еріктілерге бірнеше әйел мен еркектердің фотосуреттерін ұсынды. Бірінші қатарда қылмыскерлердің суреттері, ал екінші қатарда қарапайым тұрғындардың фотосуреттерін. Нәтижеде қай базадан алынғанына қарамастан еріктілер өмірге өкпелі, және үміті сөнген жандарды қылмыскерлердің қатарына қосқан.
 
Көздері, бойы мен саусақтарының ұзындықтары
Ал сіз кейбір дәрігерлердің тек көз жанарынызға қарап ақ ауруыңызды анықтап бере алатындығын білетін бе едіңіз?
Егер көздің ағында қызғылт дақтар болса диабеттің белгісі. Өйткені қант көбейіп кеткен жайтта көздің ағыныдағы жарықшақтары ісініп, қызаруына әкеліп соғады. Бұл бар боғаны тек бір мысал.
 
Зертеу жұмыстарына қарағанда саусақтары салалы әрі ұзын болып келетін ер адамдардың ракпен  ауыру қаупі жоғары. Ал ұзын бойлы жандар жүрек ауруына шалдығуы сирек.

Дереккөз: med.vesti.ru


Жаңалықтар